Үш тұғырлы тіл” тақырыбында іс-шара өтті.
Мектебімізде 5 қыркүйек -Қазақстан Республикасы тілдер мерекесіне орай қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен “ Үш тұғырлы тіл” тақырыбында іс-шара өтті. Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасында достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Толығырақ05.10.2024 в 23:30 Пікір жоқ 16 қаралды
«Таза Қазақстан» Республикалық акциясы
«Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында Үштерек орта мектебінің кіші қызметкерлері мектеп ауласына тазалау жұмыстарын жүргізді. @karasay_bilim_bolim
Толығырақ14.09.2024 в 18:13 Пікір жоқ 23 қаралды
“Бұрымды қыз” челленджі түсірілді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында түсіндірілетін ұлттық құндылықтарды дәріптеу: қыз сұлулығы мен мәдениеттілігінің белгісін көрсету мақсатында “Бұрымды қыз” челленджі түсірілді. “ Үштерек орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі “Бұрымды қыз”челленджін “Үштерек ауылындағы 2 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолдайды. #біртұтас_тәрбие #тәрбие_саласы @new_tarbie
Толығырақ12.09.2024 в 18:05 Пікір жоқ 35 қаралды
2024-2025 жаңа оқу жылының басталуына орай 2 “Ә” сынып ата - аналарына жиналыс өткізілді.
2024-2025 жаңа оқу жылының басталуына орай 2 “Ә” сынып ата - аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты: - жаңа оқу жылына байланысты мектеп ережелерімен таныстыру - оқушы мен ата-ананың жаңа оқу жылына дайындығы. Сынып жетекшісі: Мукашева Фарида Ермековна #біртүтас_ тәрбие #тәрбие_саласы
Толығырақ10.09.2024 в 17:58 Пікір жоқ 28 қаралды
“Отбасым-құт мекенім” атты тақырыпта оқушылардың отбасында өткен көңілді күндерінің суреттер топтамасын жинап, видеоролик ретінде ұсынылды. #біртұтас_тәрбие
8-қыркүйек Отбасы күніне орай мектебіміздің 3 “Ғ” және 4 “Д” сыныптарының қосылуымен ұйымдастырылған “Отбасым-құт мекенім” атты тақырыпта оқушылардың отбасында өткен көңілді күндерінің суреттер топтамасын жинап, видеоролик ретінде ұсынылды. #біртұтас_тәрбие #тәрбие_саласы #new_tarbie
Толығырақ09.09.2024 в 17:42 Пікір жоқ 24 қаралды
Мектебімізде дене шынықтыру бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушыларға таңғы жаттығу өткізілді.
Мектебімізде дене шынықтыру бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушыларға таңғы жаттығу өткізілді.Мақсаты:оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау,таңғы жаттығулардың маңыздылығын түсіндіру.
Толығырақ08.09.2024 в 17:26 Пікір жоқ 19 қаралды
“Жолда жүру ережелері “ тақырыбында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мектебіміздің медбикесі К.Косдаулетова және АӘТД пән мұғалімі ұйымдастыруымен “Жолда жүру ережелері “ тақырыбында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жолда жүру ережелері - бұл сақтау міндетті болып табылатын баршаға арналған заң. Кәмелетке толмағандар жол қозғалысының қатысушылары ретінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін біліп қана қоймай, олардың бұзылуы қандай зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін де білуі тиіс. Құрметті ата-аналар балаларға скутер, мотоцикл мен мопедтер сатып алмастан бұрын олардың қауіпті екенін, бұл ойыншық емес, көлік құралы екенін түсінуіміз керек. Сондықтан қауіпсіздік шаралары мен жол жүру ережелерін қатаң сақтау керек.
Толығырақ07.09.2024 в 17:36 Пікір жоқ 18 қаралды
«Үштерек орта мектебінде»Таза табиғат тақырыбында экспримент жүргізілді.
«Үштерек орта мектебінде»Таза табиғат тақырыбында экспримент жүргізілді.Мақсаты:қоршаған ортаны ластамау,мектеп ауласын қоқыстардан тазарту.
Толығырақ07.09.2024 в 17:20 Пікір жоқ 15 қаралды
Бастауыш сынып оқушыларының бір реттік ыстық тамақпен тамақтану сәтінен үзінді.
Бастауыш сынып оқушыларының бір реттік ыстық тамақпен тамақтану сәтінен үзінді.
Толығырақ04.09.2024 в 23:16 Пікір жоқ 29 қаралды
“Үштерек орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде асхана жұмысының сапасын бақылау мақсатында бракераждық комиссия өз жұмысын атқарды
“Үштерек орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде асхана жұмысының сапасын бақылау мақсатында бракераждық комиссия өз жұмысын атқарды.Бракераждық комиссия мүшелері және мектеп директоры Ж.К.Абдрахманова асхананың оқушыларға сапалы,құнарлы,дәмді ыстық тамақпен қамтамасыз етуі бойынша жұмысының жүргізілуіне,асхананың тазалығына,тағамдардың сақталуы мен жарамдылық мерзіміне бақылау жасады
Толығырақ04.09.2024 в 23:10 Пікір жоқ 29 қаралды