Меню KDT

logo.jpeg?_=1738567939
"Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің " Үштерек орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


87273708712

Жаңалықтар

Үштерек орта мектебінде ұстаздар мерекесіне орай 3-ші қазан "Дублер күні "өтеді

Үштерек орта мектебінде ұстаздар мерекесіне орай 3-ші қазан "Дублер күні "өтеді. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл ғажап мамандықты бір сәтке өздері де сезініп көреді.Аталған іс-шараға 11 сынып оқушылары қатысып,ұстаз рөлін атқарады. Осы жауапты іс-шараға оқушылар аса үлкен жауапкершілікпен қарап, дайындықтарын бастап кетті. Мектеп әкімшілігінің басшылығымен сабақ кестесімен танысып, оқу, тәрбие жоспарларын құрды. Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алатын ерекше күн. #тәрбиеалматыоблысы

Толығырақ

02.10.2024 в 12:54 Пікір жоқ 50 қаралды

“Бұрымды қыз” челленджі түсірілді.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында түсіндірілетін ұлттық құндылықтарды дәріптеу: қыз сұлулығы мен мәдениеттілігінің белгісін көрсету мақсатында “Бұрымды қыз” челленджі түсірілді. “ Үштерек орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі “Бұрымды қыз”челленджін “Үштерек ауылындағы 2 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолдайды. #біртұтас_тәрбие #тәрбие_саласы @new_tarbie

Толығырақ

12.09.2024 в 18:05 Пікір жоқ 119 қаралды

2024-2025 жаңа оқу жылының басталуына орай 2 “Ә” сынып ата - аналарына жиналыс өткізілді.

2024-2025 жаңа оқу жылының басталуына орай 2 “Ә” сынып ата - аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты: - жаңа оқу жылына байланысты мектеп ережелерімен таныстыру - оқушы мен ата-ананың жаңа оқу жылына дайындығы. Сынып жетекшісі: Мукашева Фарида Ермековна #біртүтас_ тәрбие #тәрбие_саласы

Толығырақ

10.09.2024 в 17:58 Пікір жоқ 98 қаралды

“Отбасым-құт мекенім” атты тақырыпта оқушылардың отбасында өткен көңілді күндерінің суреттер топтамасын жинап, видеоролик ретінде ұсынылды. #біртұтас_тәрбие

8-қыркүйек Отбасы күніне орай мектебіміздің 3 “Ғ” және 4 “Д” сыныптарының қосылуымен ұйымдастырылған “Отбасым-құт мекенім” атты тақырыпта оқушылардың отбасында өткен көңілді күндерінің суреттер топтамасын жинап, видеоролик ретінде ұсынылды. #біртұтас_тәрбие #тәрбие_саласы #new_tarbie

Толығырақ

09.09.2024 в 17:42 Пікір жоқ 90 қаралды

Мектебімізде дене шынықтыру бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушыларға таңғы жаттығу өткізілді.

  Мектебімізде дене шынықтыру бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушыларға таңғы жаттығу өткізілді.Мақсаты:оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау,таңғы жаттығулардың маңыздылығын түсіндіру.

Толығырақ

08.09.2024 в 17:26 Пікір жоқ 78 қаралды

“Жолда жүру ережелері “ тақырыбында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектебіміздің медбикесі К.Косдаулетова және АӘТД пән мұғалімі ұйымдастыруымен “Жолда жүру ережелері “ тақырыбында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жолда жүру ережелері - бұл сақтау міндетті болып табылатын баршаға арналған заң. Кәмелетке толмағандар жол қозғалысының қатысушылары ретінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін біліп қана қоймай, олардың бұзылуы қандай зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін де білуі тиіс. Құрметті ата-аналар балаларға скутер, мотоцикл мен мопедтер сатып алмастан бұрын олардың қауіпті екенін, бұл ойыншық емес, көлік құралы екенін түсінуіміз керек. Сондықтан қауіпсіздік шаралары мен жол жүру ережелерін қатаң сақтау керек.

Толығырақ

07.09.2024 в 17:36 Пікір жоқ 71 қаралды

Choose Color