
Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға және білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу мақсатында мектебімізге «Qazsaq Media Group" ЖШС тренерлері келді.
Бүгінгі таңда ұстаздар қауымына кәсіби ізденіс, теориялық білімді шыңдау , біліктілікті арттыру, заманауи техниканы жетік меңгеру керек. Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға және білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу мақсатында мектебімізге «Qazsaq Media Group" ЖШС тренерлері келді. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының № 95 бұйрығына сәйкес «Жасанды интеллектіні білім беруде қолдану» тақырыбында 108 сағаттық біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Мұғалімдер жасанды интеллект және оның өмірдің әртүрлі салаларында қолданылуы туралы білім алып қана қоймай, бұл білімді өз тәжірибелерінде тиімді пайдаланудың жолдарын үйренді. Мұғалімдер үшін бұл олардың кәсіби көкжиектерін кеңейту мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллект принциптеріне негізделген оқытудың жаңа әдістерін меңгеру мүмкіндігі болды.Жасанды интеллект курсын аяқтағаннан кейін мектептің мұғалімдері мен оқушылары қазіргі әлем ұсынатын жаңа қиындықтар мен мүмкіндіктерге дайын болады. Олардың тәжірибесі мен білімі сабақтарда ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс жұмыстарда да баға жетпес активке айналады, онда олар жасанды интеллект саласындағы дағдылары мен құзыреттерін белсенді қолданады және кеңейте алады деген сенімдеміз
Толығырақ05.11.2024 в 14:22 Пікір жоқ 119 қаралды

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес "Досбол LIKE"акциясы аясында, өзін-өзі басқару ұйым оқушылары "Менің жан досым"атты сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырды
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес "Досбол LIKE"акциясы аясында, өзін-өзі басқару ұйым оқушылары "Менің жан досым"атты сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырды.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып,достар арасындағы қарым- қатынасты нығайту. #біртұтас_тәрбие @new_tarbie #тәрбиеалматыоблысы
Толығырақ04.11.2024 в 17:51 Пікір жоқ 107 қаралды

"Досбол LIKE"акциясы аясында, өзін-өзі басқару ұйым оқушылары "Менің жан досым"атты сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырды.
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес "Досбол LIKE"акциясы аясында, өзін-өзі басқару ұйым оқушылары "Менің жан досым"атты сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырды.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып,достар арасындағы қарым- қатынасты нығайту. #біртұтас_тәрбие @new_tarbie #тәрбиеалматыоблысы
Толығырақ04.11.2024 в 14:33 Пікір жоқ 68 қаралды

Мектебіміздің АӘТД пәні мұғалімі Б.Несипбаев оқушыларға терроризмге қарсы іс-қимылдар және терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднамамен танысырып,түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Мектебіміздің АӘТД пәні мұғалімі Б.Несипбаев оқушыларға терроризмге қарсы іс-қимылдар және терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднамамен танысырып,түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар. Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар. Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық — жабықтығын тексеріңіздер. Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар. Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар. Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін. Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді. Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл — өмірлеріңізге өте қауіпті. Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.
Толығырақ04.11.2024 в 13:35 Пікір жоқ 87 қаралды

Үштерек орта мектебінде күзгі каникул кезінде,демалыс күндерін тыйымды пайдалану мақсатында 9 -шы сынып оқушылар арасында "Вена балы"ұйымдастырылды.
Үштерек орта мектебінде күзгі каникул кезінде,демалыс күндерін тыйымды пайдалану мақсатында 9 -шы сынып оқушылар арасында "Вена балы"ұйымдастырылды. Мақсаты: Дәстүрлі мәдениетті, классикалық музыканы, би өнерін және еуропалық салт-дәстүрлерді сақтау әрі насихаттау. Шараға қатысушылар классикалық би түрлерін, әсіресе вальсты орындап, дәстүрлі ережелерге сай әдемі киімдер киеді. #біртұтас_тәрбие @new_tarbie #тәрбиеалматыоблысы
Толығырақ01.11.2024 в 10:22 Пікір жоқ 67 қаралды

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Даналық мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес "Әжемнің ертегісі" атты ғажайып әлемге оқушыларымызбен бірге саяхат жасап қайтты.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Даналық мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес "Әжемнің ертегісі" атты ғажайып әлемге оқушыларымызбен бірге саяхат жасап қайтты. Ұрпақ тәрбиесі қазіргі таңда ең маңызды мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты “Үштерек орта мектебінің” ұстаздар қауымы тың ізденістер жасап, оқушыларға ақыл-кеңесімімен, үлгілі өнерін өнеге көрсете отырып, сұрақтарына жауап беріп, ата дәстүрді сақтау сынды асыл қасиеттерді бойларына сіңіруге барынша тырысты. Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы балалардың тілін, сөздік қорын молайту. Ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Жетекшілері: Ж.Мухамедиярова,Д.Муканова @new.tarbie #тәрбиеалматыоблысы #біртұтас_тәрбие
Толығырақ24.10.2024 в 18:01 Пікір жоқ 49 қаралды

Педагогтердің бос лауазымына тағайындау конкурсы
Педагогтердің бос лауазымына тағайындау конкурсы
Толығырақ11.10.2024 в 10:54 Пікір жоқ 58 қаралды

Жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған табысты еңбегі үшін тарих пәнінің мұғалімі Султангажиева Мейрамкуль Байгенжиновна Алматы облысы білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды
Жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған табысты еңбегі үшін тарих пәнінің мұғалімі Султангажиева Мейрамкуль Байгенжиновна Алматы облысы білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды Құттықтаймыз💐💐
Толығырақ09.10.2024 в 14:45 Пікір жоқ 51 қаралды

Алматы облысы Республикалық «Өрлеу» БАҰО» АҚ мүшесі Бакытжан Аубакирович және әскери жетекшілер мектебімізге келді
Алматы облысы Республикалық «Өрлеу» БАҰО» АҚ мүшесі Бакытжан Аубакирович және әскери жетекшілер мектебімізге келді.Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі,өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін мектебіміздің АӘТД жетекшісі Б.Несипбаев “Педагог-модератор” төсбелгісімен марапатталды.Марапатыңыз құтты болсын💐
Толығырақ07.10.2024 в 13:11 Пікір жоқ 67 қаралды

Үш тұғырлы тіл” тақырыбында іс-шара өтті.
Мектебімізде 5 қыркүйек -Қазақстан Республикасы тілдер мерекесіне орай қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен “ Үш тұғырлы тіл” тақырыбында іс-шара өтті. Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасында достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Толығырақ05.10.2024 в 23:30 Пікір жоқ 74 қаралды